Көптен бері ұнатқан Geely көлігімізді алу үшін Тұран даңғылы 78в мекенжайындағы басқа Geely салонына барғанымызда, өкінішке орай, қызметкерлердің бізді алдауға тырысқанын көріп, көңіліміз қалған еді. Бірақ Geely Avtomir салонына келгенімізде, жағдай мүлде басқаша болды.
Бұл жерде бәрі керемет! Менеджер Сүндет бізді басынан бастап жылы қарсы алып, көлік таңдаудан бастап, құжаттарды рәсімдеуге дейін көмектесті. Барлық сұрағымызға түсінікті жауап беріп, ешнәрсе назардан тыс қалған жоқ. Елена мен Динара ханымдар да құжаттарды тез әрі мінсіз дайындап берді.
Geely Avtomir-ге шын жүректен алғысымыз шексіз! Мұндай адал әрі кәсіби қызметке кезіккенімізге қуаныштымыз. Geely көлігін алғыңыз келсе, осы салонға барыңыз – басқалардағыдай жүйкені жұқартатын жағдай болмайды. ✨
Показать фото →
Показать фото →